Мен ұзақ уақыт бойы халал бөліп төлеу арқылы көлік сатып алу мүмкіндігін іздедім. Сіздің компанияңыздың арқасында бұл оңай әрі қиындықсыз жүзеге асты. Мурабаха арқылы авто рәсімдеу процесі жылдам өтті, кеңесшілер әр кезеңде көмектесті. Сатып алуға және қызметке өте ризамын!
Мен ұзақ уақыт бойы халал бөліп төлеу арқылы көлік сатып алуға қолайлы ұсыныс таба алмадым. Достарым арқылы сіздің компанияңыз туралы біліп, барып көруді шештім. Нәтижесінде мен көлік сатып алып қана қоймай, бәрі ислам талаптарына сай орындалғанына сенімді болдым. Сіздердің еңбектеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін үлкен рахмет!
Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Қолдау көрсету чатына жазыңыз, біз сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береміз
Халал бөліп төлеу банк автонесиесінен тиімді ме?
Біздің банк несиесінен айырмашылығымыз – біз көлікті сатып алып, өз бағамызбен бөліп төлеуге ұсынамыз. Біздің ұсынысымыздың мәні пайдада емес, біз көлікті риба (пайызсыз) халал жолмен алуды ұсынамыз
Қай қалаларда қолжетімді?
Халал бөліп төлеу әзірге Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді
Ай сайынғы төлемді төлей алмасам не болады?
Клиент мурабаха келісімі бойынша қарызын өтей алмаған жағдайда, екі нұсқа бар:
Кешіктіргені үшін айыппұл: Әр кешіктірілген күн үшін айыппұл салынады, бұл қаражат кейін қайырымдылық қорына жіберіледі. Бұл шешім шариғат талаптарына сай және AAOIFI ұйымымен мақұлданған (Исламдық қаржы институттарын есепке алу және аудит жөніндегі ұйым). Осылайша, клиент төлемді кешіктіргеннен ешқандай пайда көрмейді, ал айыппұл қаражаты қайырымдылыққа жұмсалады
Көлікті қайтару және сату: Егер клиент қарызды әрі қарай төлей алмайтынын түсінсе, біз көлікті қайтарып, оны нарықтық бағамен сата аламыз. Түскен қаражат төмендегідей бөлінеді: компанияның операциялық шығындары өтеледі, қалған сома Tayуab компаниясы мен клиенттің үлесіне қарай бөлінеді
Сіздердің бөлімше қайда орналасқан?
Біз цифрлық сервис болғандықтан, барлық сұрақтарды онлайн шешеміз. Бөліп төлеу туралы толық ақпаратты auto.tayyab.kz сайтынан көріп, алдын ала тапсырыс бере аласыз
Қолдау көрсету чаты
Бұл бөліп төлеу неге халал?
Біз Мурабаха әдісі бойынша жұмыс істейміз. Яғни, тауарды өз үстеме бағамызбен бөліп сатамыз. Бұл Исламда рұқсат етілген сауда тәсілі. Біздің компания Шариғат кеңесінің сертификатын алған және Исламдық стандарттарына (AAOIFI) сәйкес жұмыс істейді
Халал бөліп төлеуді қалай алуға болады?
1. Авто таңдау – Tayyab серіктес автосалондарының бірінен 2. Бағасын есептету үшін салон менеджеріне жүгіну 3. Бастапқы жарна төлеу (кемінде 20%) және келісімшарт жасау 4. Көлікті қайта рәсімдеу және кепіл келісімін тіркеу
Егер сізде сұрақтар туындаса, келесі нөмірге хабарласыңыз
Tayyab Finance – бұл Халықаралық Қаржы Орталығы «Астана» аумағында тіркелген және AFSA қаржылық қызметтерді реттеу комитеті берген 2024 жылғы 29 мамырдағы AFSA-A-LA-2024-0012 лицензиясы негізінде "Providing Islamic finance" қызметін жүзеге асыратын жеке компания.